Жастар мәселесіне мән берілді
Жастар мәселесіне мән берілді
Президент «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында аса маңызды мәселелерді айтып өтті. Мемлекет басшысы өз сөзінде кадрлық саясаттағы өзгерістер жалғасын тауып, алдағы уақытта жастардың тың идеясы мен білім- біліктігін аға буынның тәжірибесімен ұштастырып, ел басқару ісінде тепе-теңдіктің сақталатындығын жеткізді. Сондай-ақ, Президент кадрлық ауыс-түйісте асығыстық танытудың қажеті жоқтығын, мұндай маңызды істе ешқандай эксперимент жасаудың керек еместігін баса айтты. Меніңше, бұл кадрлық тапшылық сезіліп отырған кезеңдегі ең оңтайлы шешімдердің бірі. Еске сала кетсек, былтыр бұл бағытта Президенттік жастар кадрлық резервін жасақтау ісі қайта жанданған болатын. Ал, Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл облыстық мәслихат депутаттарымен кездесуінде алдағы уақытта әр өңірдің өзіндік кадрлық резерв дайындау ісі қолға алынатындығын жеткізген еді. Бұл бастамалардың басшылық қызметтегі жаст ар қат арының көбейіп, ел басқару ісіне көптеп араласуына ықпал ететіндігі сөзсіз. Ал, олардың тәжірибе алмасу, қарым-қабілетін қызмет бабында жүзеге асыруы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев басшылықтағы жастардың өзіне деген сыни көзқарас таныта алу мүмкіндігін арттыру қажеттігін жеткізді.
Фарида ЖҮНІСОВА,
облыстық мәслихаттың депутаты.