Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі тобының аға инспекторы, әділет капитаны Әмина Масатбай, Тараз қалалық №1 пробация қызметі бөлімінің бастығы, әділет майоры Айбек Ниязбеков пен оның орынбасары, әділет капитаны Шолпан Акзымалиева Байзақ ауданындағы №4 мектепке арнайы барып, 11 сынып оқушыларымен кездесті.
Кездесу барысында ҚАЖ қызметкерлері оқушыларды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясына оқуға түсуге шақырды. Айта кетейік, генерал-лейтенант (ІІ рангілі ішкі қызмет генерал-лейтенанты) Шырақбек Қабылбаев еліміздің екі рет Ішкі істер министрі болған мемлекет және қоғам қайраткері. Ендеше, оның өмірі мен қызметі жас ұрпақ үшін қашанда үлгі.