Құқық

Сотталғандардың еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

Сотталғандардың еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтейтін сотталған азаматтарды жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу – бүгінгі күннің басты талабы.

Жуырда облыс бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №58 түзеу мекемесі бастығының орынбасары, әділет капитаны Бекен Калимбетовтің төрағалымен өткен жиында мекеме аумағынан өз кәсіптерін ашқан кәсіпкерлердің жұмысы барысында туындайтын бірқатар мәселелер талқыланды. Басқосу барысында кәсіпкерлердің жазасын өтеуші жұмыскерлерді жазатайыоқиғалардан сақтандыру жағдайы мен жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігінің сақталуына баса көңіл бөлу қажеттігі айтылды. Өз кезегінде мекеме әкімшілігі қолданыстағы заңға сәйкес жеке кәсіпкерлердің жұмысын жандандыру мақсатында қолдау көрсететінін атап өтті.