Әдебиет

Қаламгердің қос жинағы жарық көрді

Қаламгердің қос жинағы жарық көрді

Алматыдағы «ҚазАқпарат» баспасынан жазушы Көсемәлі Сәттібайұлының «Шың мен шынар» және «Хауа ананың көз жасы» атты екі кітабы жарық көрді.

Қаламгердің «Шың мен шынар» жинағына Дінмұхамед Қонаев, Нұрсұлтан Назарбаев, Бауыржан Момышұлы және басқа да көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері туралы нақты деректер мен дәйектерге негізделген эсселері мен сұхбаттары енген. Ал «Хауа ананың көз жасы» атты кітабына әңгімелері мен хикаяттары, ертегілері жинақталған. Жазушы шығармалары көркем­дігімен, өзіндік жаңашылдығымен баурайды. Бір сөзбен айтқанда, мазмұны терең, тілі жеңіл, айтары мол қос кітапты өңіріміздегі әдеби-мәдени өміріміздің олжасы деп бағалауға болады. Қос жинақты алдағы уақытта облыс кітапханаларынан алып оқуға болады.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».