Әдебиет

Қаһарман елім!

Қаһарман елім!

Қазаны қара қайнаған елім, Ту тігіп, таңба байлаған елім. . Бөліске салмай дархан даланы, Жасампаз ұлтқа айналған елім.

Бөрілі байрақ биік ұстаған, Жебелі садақ иіп ұстаған. Тұлпарын мініп Тұран даланың, Намысын бойға жиып ұстаған.

Намысы қолдан кетпеген елім, Өзекке ұлын теппеген елім. Текті бабаның тегін түгендеп, Ертеңгі күнге беттеген елім.

Тар жолды талай басып өткерген Қайғы да болған қасіретпенен. Бабамның қаны тамған бұл жерді, Тәңірім текке нәсіп етпеген.

Ұлт болып ұлы атанған елім, Қалмасын көшің қатардан елім. Сайын даланың сардар мінезді, Қайсар рухы бар қаһарман елім.

Мәулен Жаппасбаев, М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебінің мұғалімі.

Тараз қаласы.