Жазайыл
Жазайыл
Мылтықтың бұл түрі XVІІ ғасырда моғол қамал қорғанысында кездессе, ХІХ ғасырдағы орысша жазба деректерде «Джазааль» (жазайыл) Орта Азия және Қазақстан территориясының қамал қорғанысында қолданылған» деп көрсеткен. Бұл қаруды ауыр пілте мылтық түрінде қазақ жауынгерлері көп қолданғаны қазақ халық ауыз әдебиетінде жиі айтылады. XV ғасырлардағы жыраулардың жырларында да жазайыл мылтығы туралы өлең жолдары ұшырасады екен. Бұл деректерден жауынгер қазақ халқы тек шоқпар мен айбалтаға ғана сүйенбегенін, бабаларымыз мылтықтың ауыр түрін де ертеректен қолдана бастағанын білуге болады. Сондықтан, жазайыл мылтығы жайлы елімізге қорған болар жас ұрпақтың біліп жүргені артық болмас.
Қазақтың этнографиялық категориялар ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі энциклопедиясы бойынша дайындаған Есет ДОСАЛЫ.