Денсаулық

Таразда желдің салдарын жою бойынша тиісті жұмыстар жүруде

Таразда желдің салдарын жою бойынша тиісті жұмыстар жүруде

2024 жылғы 10 қаңтар, сағат 19.00-дегі мәлімет бойынша қатты желдің салдарынан 109 қызметіне 172 өтініш түскен. 

Электр жарығы өшкені туралы – 112, газ өшкені туралы – 2, балкон шатыры құлауы туралы – 1, тал құлағаны туралы 18 өтініш тіркелген. Қазір бұл бойынша тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, төтенше жағдай оқиғасы бойынша 9 шағын аудан 33 үйдің балкон шатыры (көлемі 6 м2) ұшып, 3 автокөлікке тал құлап, зақым келтірген. Қала аумағында жалпы құлаған тал мен бұтақ саны – 49. Тазарту жұмыстарына 5 бригада, 30 адам, 9 техника жұмылдырылған. Электр энергиясын қалпына келтіру жұмыстарына әуе желісімен – 8, трансформаторлық тораппен – 3, жоғары қуатты электр желісімен 2 бригада жұмыс жасауда. Бұл жұмыстарға 52 маман және 15 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар тұрғындардан өтініш қабылдайтын диспетчерлік қызмет жұмыс жасауда. Түскен мәліметтер бойынша, құрылысы жүріп жатқан 1 үйдің сыртқы қоршауына, 1 үйдің қасбетінің сайдингі, бір аялдаманың шатыры, 2 шағын ауданда электр желісінің өшуі, 12 бағдаршамның өшуі, 3 жол белгісі мен жарнама тақтайшаларының зақымдалуы орын алып отыр. Әлеуметтік нысандарда (білім мекемелері – 130, денсаулық – 28 және басқа да 227 әкімшілік ғимараттарда) жылыту маусымы қалыпты өтуде. Алдағы уақытта қосымша ақпарат берілетін болады.  

Тараз қаласының баспасөз қызметі