Басты жаңалық

Қалам ұстаған қауымға қолдау!

Қалам ұстаған қауымға қолдау!

Бүгінде қоғамда көпшілік газет оқымайды деген пікір қалыптасқан. Белгілі бір дәрежеде бұл шындық болғанымен, басылым оқырмандары әлі де бар. Редакциямызға күн сайын аудан, ауылдардағы оқырмандардан келіп жатқан хаттар да соның дәлелі.

Одан кейін, қоғамда басшылардың газет оқымайтыны туралы да жиі айтылады. Әрине, оқитыны да, оқымайтыны да бар. Бірақ, көзі ашық, көкірегі ояу басшы қоғамда не болып жатқанын баспасөз арқылы біліп отырғаны жөн дер едік. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірге басшы болып келген күннен бастап бұқаралық ақпарат құралдарына баса назар аударды. Журналистермен кездесуінде де газет оқитынын, мейлінше сын мақалаларды көбірек жазу керектігін айтқан болатын. Журналистерге әрқашан қолдау көрсететінін де жеткізген. Бір сөзбен айтқанда, қолына қалам ұстаған қауымға ашық болды. Ербол Шырақпайұлы облыстық «Aq jol» газетінде жарияланған ЕсетДосалының «Барымызды бағалап жүрмізбе?» атты мақаласына назар аударып, көтерілген мәселеге орай тиісті басшыларға тапсырма берді. Бұл – журналистерге деген үлкен қолдау, құрмет! Қолдауы үшін Ербол Шырақпайұлына газет ұжымы атынан алғыс айтамыз! «Aq jol» газеті жүз жылдан астам тарихы бар басылым! Өңірдің бас басылымының шығармашылық ұжымы әлі де бұқараның мәселесін билікке жеткізуде еңбек ете береді! «Aq jol» тілшілері алдағы уақытта да аудан, ауылдарға іссапармен шығып, түрлі тақырыпта мақалалар жариялайтын болады!  

Хамит ЕСАМАН