Әлеумет

Сыбайлас жемқорлық – ғасыр дерті

Сыбайлас жемқорлық – ғасыр дерті

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының  ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық – ғасыр дерті» дилемма өтті.

Аталмыш іс-шараға «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы” Республикалық қоғамдық бірле стігінің Жамбыл облыстық филиалының директоры Төлендиев Қасымхан Естемесұлы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Омаров Даурен Даниярбекұлы, Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттері қатысты. Іс-шара барысында қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі сыбайлас жемқорлық екендігін, ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізетінін айтып, кітапхана қызметкері «қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдермен айығуды міндет етіп қойдық. Қазақстан бүкіл әлемге өзінің бір тұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы» атты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сөзімен аяқтады.  

Перизат МЫРЗАКУЛОВА, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының абонемент қамтамасыз ету секторының меңгерушісі.