«Жасыл ел-Тараздың» қоғамдық жұмысшылары жалақысыз қалмайды
«Жасыл ел-Тараздың» қоғамдық жұмысшылары жалақысыз қалмайды
Бүгін "Жасыл ел-Тараз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қырықтан аса қоғамдық жұмысшысы облыстық әкімдікке жалақыны көтеру, серіктестіктің штатына қабылдану және қосымша ақы төлеу туралы мәселемен қайырылған болатын.
Арыз-шағымын арқалай келген жұмысшылармен Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы кездесіп, талап-тілектеріне құлақ түрді.
Жалпы, 2023 жылы "Жасыл ел-Тараз" ЖШС-і оңалту рәсімінен өтуіне байланысты,салық төлемі бойынша қарыздары қалыптасып, мемлекеттік сатып алу конкурсқа қатыса алмаған болатын. Жұмысшылардыңайлық үстемақысы, салық қарызы және басқа да жағдайларға байланысты Серіктестік пен Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2023 жылы тікелей келісім шарт жасауға мәжбүр болды.
Аталған келісім шарт негізінде (тиісті берілген жұмыстар бойынша) серіктестік қарыздарын толық төлеп, қоғамдық жұмысшылардың заңды бекітілген 80 000 теңге айлық жалақыларына ай сайын қосымша үстемеақы ретінде 80 000 теңгедан аса қаржы төленген (2023 жылы әр қоғамдық жұмысшыға 103 500 (қолға 85 000) теңге төленген болатын).
Бірақ, осы жасалған тікелей келісім шарт ішкі мемлекеттік аудиттің талап арызына сәйкес, сотпен заңсыз деп танылды.
Қазіргі таңда серіктестік тарапынан аппеляциялық сатыға шағым жолданды.
Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстар өтуде. Егер, Серіктестікконкурстан жеңімпаз болып танылса, қоғамдық жұмысшыларға қосымша төлем мәселесі шешімін табатын болады.
Сондай-ақ, биылға республикалық бюджеттен әр қоғамдық жұмысшыға субсидияланатын жұмыс орындары арқылы мемлекеттік бюджеттен 110 760 (қолға еңбек өтілдеріне сәйкес 85 000 - 95 500) теңге төленбек. Серіктестікке осы көрсетілген айлық жалақымен жұмыс істеу үшін 49 адамға жолдама берілді.
Алайда, жолдама алған жұмысшылар белгіленген жалақыға жұмыс жасаудан бас тартып, қосымша айлық жалақы төлеуді және Серіктестіктің штатына қабылдап, айлықты көтеруді сұрап отыр.Жұмысшылардың талап-тілегі мемлекетік сатып алу конкурсының нәтижесіне байланысты орындалатын болады.
Бұл қоғамдық жұмысшылардың көтергенмәселесі облыс әкімінің тікелей назарында.