Respublica партиясының Жамбыл облыстық филиалы балаларды Жаңа жылмен құттықтады
Respublica партиясының Жамбыл облыстық филиалы балаларды Жаңа жылмен құттықтады
Мерекеге сай безендірілген зал, түрлі — түсті шамдармен жарқыраған шырша жәнежаңа жылдық костюм киген 15 бүлдіршін - Respublica партиясының Жамбыл облыстықфилиалы балаларға мерекелік кеш өткізді.
Мерекенің басты кейіпкерлері - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалыжәне аз қамтылған отбасылардан шыққанбалалар.
Аяз Ата, Ақшақармен бірге балалар ертегіәлеміне қызықты саяхатқа шықты. Мерекелік кеште ән-биден шашу шашылып, ойындаройнатылды. Қонақтар үшін фуршет дайындалды.
Балаларға облыстық филиал төрағасыНұрсұлтан Оспанов пен облыстық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Темірхан, партияның белсенді мүшесі Сымбат Қалижанқызы жаңажылдық сыйлықтарды табыстады.
- Жаңа жыл қарсаңында ересектер АязАтаның көмекшілері ретінде балаларға еңқымбат тілектері мен армандарын орындауыкерек деп есептейміз, - дейді Н.Темірхан.
Сонымен қатар, Respublica партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Нұрсұлтан Оспанов, филиалдың жастар бірлестігінің жетекшісі Дархан Байпақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сыйлықтарын берді.