Жамбыл облысында прокурорлармен мемлекеттік мүлікті жымқыру деректері анықталды
Жамбыл облысында прокурорлармен мемлекеттік мүлікті жымқыру деректері анықталды
Талас ауданының прокуратурасы «Таза-Талас» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Кәсіпорын) теңгеріміндегі автокөліктерді заңсыз есептен шығару арқылы жымқыру фактілерін анықтады. Кәсіпорнының басшылығы мекемеге тиесілі нарықтық құны 22 млн теңгені құрайтын 4 автокөліктерді жалған құжаттар рәсімдеу арқылы жарамсыз көлік құралдары ретінде заңсыз есептен шығарып, тиісті аукцион өткізбей, тікелей үшінші тұлғаларға сатқан. Аталған дерек бойынша Талас ауданының прокуратурасы қылмыстық іс тіркеп, оны тергеп-тексеру облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен жүргізілді. Қазіргі таңда мекеме басшыларының іс-әрекеттері ҚК-тің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен (жымқыру) және ҚК 369-бабы 1-бөлігімен (қызметтік жалғандық) сараланды. Тергеп-тексеру барысында құны 17 млн теңгені құрайтын 3 автокөлік мемлекетке қайтарылды, төртінші автокөлікті қайтаруға шаралар қабылдануда. Қылмыстық іс сотқа жолдану барысында.
Жамбыл облысының прокуратурасы