Ауыр жүк көліктері жолдарды бұзады
Ауыр жүк көліктері жолдарды бұзады
Жалпы, облыстық маңызға ие жолдардың басым көпшілігі өткен ғасырдың 70-80-ші жылдары ел игіліне берілген. Атап өтерлігі, бұл жолдарда 8 тоннаға дейін ғана осьтік жүктемеге рұқсат етілді. Әйтсе де, бүгінде бұл талапқа бағынғысы келмейтіндер жетіп артылады. Нақтылай түссек, бір ғана кіші Қамқалыдан тұз тиеген 60-100 тонналы ауыр жүк көліктері Жаңатас қаласы арқылы Түркістан облысына, Ақкөл ауылы арқылы Тараз және Шу қалаларына одан әрі қарай Қырғыз еліне қатынауда. Бұл - ескі жолдармен қоса жөндеуден өткен жаңа жолдардың тез тозуына «ықпал» етуде деген сөз. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» өңірлік филиалының инженері Тойшыбай Әлиахметовтің сөзінше, «Нowo», «Shacman» және «Man» маркалы қытайлық көліктердің жүк көтергіштері 25 тоннаны құрайды. Десе де, салмағы 15 тоннаға жуық көліктердегі жүк көлемі 40 тоннадан асып түседі.
Айта кетейік, бұл күнде Әулиеата өңіріндегі қалалық және жол құрылыстарында сондай-ақ өзге де нысандарда 4 мыңға жуық самосвал көліктер пайдаланылуда.