Өңір туризмі өркендейді
Өңір туризмі өркендейді
«Айша бибі», «Қарахан», «Тектұрмас» кесенелері және Жуалы ауданындағы «Көксай» демалыс орны, «Қаралма» шаңғы тебу базасы, тағы сол секілді туристік орындарды дамыту керектігін айтты. Кездесу барысында туризм саласының мамандары да өз пікірлерін білдірді. «Жамбыл сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Валерия Батуева өз сөзінде туристік нысандардың қазіргі жағдайы көңіл көншітпей тұрғанын атап өтті. Өңірдегі туризмнің дамуына кедергі келтіретін мәселелер бар екенін жеткізді. Қонақтардың қызығушылығын арттыратын өзгерістер керектігін айтты. Ал, облыстық туристік индустрия қауымдастығының төрайымы Балагүл Махатова: «Қазақ хандығының 550 жылдығынан соң облысымызда тарихи оқиғаларға байланысты үлкен іс-шаралар аталып өткен жоқ. Осындай іс-шаралар ұйымдастырылып тұру керек. «Тектұрмас» этнотарихи кесенесіне инфрақұрылым жүргізу керек. Осы мәселені қолға алсаңыздар деп өтініш білдіремін», – деді. Жиынға келген туризм өкілдері өңірдегі бұл саланың жақсы жетіліп, өркендеуіне қатысты жан-жақты пікірлерін жолдады. Спорттық туризмнің дамуына да көптеген жұмыстар жүргізу керек. Бұл туралы облыстық спорттық туризм мен альпинизм федерациясының президенті Ниматжан Мурсаитов айтты. Ал, «ТаразПрофсоюзТурист» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жангелді Қойбағаров Балаларға арналған туризм шаралары мен тарихи орындарды жаңғыртып, оның жұмыстарын жаңаша бағытта жүргізу керек екендігі туралы ойын жеткізді. Сонымен қатар, өңірдегі геотуризм жайында баяндама жасаған «АРК ғылыми ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Искандірбек Төребеков аталған саланы дамытуға халықаралық инвесторларды тарту қажет екенін жеткізді. Кездесу соңында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков ішкі туризмді дамытудың жобасын жасауға дайын екенін және бұл саланы қаржыландыруды он есе көтеретіндігін жеткізді.
Нұржан ӘЛІШ
Суреттерді түсірген
Ақәділ РЫСМАХАН.