Жаңалықтар

Жамбылда ҚАЖ қызметкерлері қарттарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Жамбылда ҚАЖ қызметкерлері қарттарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және оған бағынысты түзеу мекемелерінің басшы және жеке құрам қызметкерлері қарттарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Бұл күні тәртіп сақшылары Тараз қаласындағы №2 қарттар үйіне арнайы барып, ондағы ардагер қарияларға сый-сияпаттарын табыс етті.

Өз кезегінде қарттар үйінің тұрғындары тәртіп сақшыларына шынайы ризашылығын білдіріп, баталарын берді.