Жамбыл өңірінде алғаш рет жемқорлардан алынған қаражатқа мектеп құрылысы аяқталды
Жамбыл өңірінде алғаш рет жемқорлардан алынған қаражатқа мектеп құрылысы аяқталды
Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірініші орынбасары Д.Омаров мәлімдеді. Шу ауданы, Төле би ауылындағы 300 орындық орта мектептің құрылысына 2021 жылы бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, келісім-шартқа сәйкес 2022 жылы аяқталуы тиіс болатын. Алайда, мердігер мекеме тарапынан міндеттемелердің тиісінше орындалмауына байланысты мектеп құрылысы мерзімінде аяқталмай, созылмалы құрылыс нысанына айналған. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында жемқорлардан алынған қаражатты білім беру инфрақұрылымын қолдауға бағыттау туралы тапсырмасын орындау мақсатында департамент пен әкімдіктің бірлескен жұмыстары нәтижесінде 2023 жылдың 20 қараша күні мектеп құрылысы толықтай аяқталып, пайдалануға берілді.