Өтініштер ескерусіз қалмайды
Өтініштер ескерусіз қалмайды
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға Сарысу, Меркі, Жуалы, Қордай, Жамбыл аудандары мен Тараз қаласынан және Маңғыстау облысынан жазылған азаматтар бірқатар мәселелерді көтеріп, өтініштерін жеткізді. Атап айтқанда, олар әлеуметтік нысандар бойынша, ауыл шаруашылығы, әкімдердің тұрғындармен кездесуі, аудан әкімін сайлау бойынша мәселелерді көтерді. Ал, Маңғыстау облысынан жазылған азамат өңірде жем зауыт салу үшін жер сұрады. Қабылдауға жазылған басқа да азаматтар әлеуметтік көмек көрсету, мүгедектігі бойынша зейнеткерлікке шығу және өзге де мәселелерді көтерді. Облыс әкімі азаматтардың өтінішіне жіті көңіл бөліп, барлық мәселелер тиісті заңнамалар аясында қарастырылатынын атап өтті. Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі