Еңбек Еріне ерекше құрмет
Еңбек Еріне ерекше құрмет
Мұнда бүлдіршіндерге барлық жағдай жасалған. 12 топта 280 бала тәрбиеленуде. Жалпы, мекемеде 83 қызметкер еңбек етсе, оның ішінде 27-сі – тәрбиешілер. Осындай үлкен балабақшаны басқару да оңай емес. Бұл міндетті Айша Дәулетбаева абыройлы атқарып келеді. Бөбекжайдың білікті мамандары өз жұмыстарына қашанда жауапты қарайды. Мейірбике Азима Нәдірова, аспазшы Гүлнар Нарымбекова, психолог Қаламқас Елемесованың тиянақты жұмыстарынан осыны аңғардық. Он жылға жуық еңбек өтілдері бар тәрбиешілер Гауһар Стамбекова, Динара Көпбаева, Нүрила Сәулімбаеваның да бүлдіршіндерді тәрбиелеудегі еңбектері үлкен. Тәрбиешінің көмекшілері атқаратын жұмыстар жеңіл емес. Көзге көрінбейтін осы шаруаларды қабақ шытпай тындырып жүрген Күләйна Рахманова, Зухра Күзембаева, Жеңіскүл Күзембекова сынды азаматтарға алғыс айтсақ артық емес. Мектепке дейінгі мекемені аралап көрдік. Асханасындағы тағамдардың сапасы көңіл қуантады. Мәжіліс, спорт залдарындағы заманауи үлгідегі түрлі жабдықтарға да көзіміз түсті. Аягүл Миразова әрдайым қолдау көрсетіп тұрады екен. – Осында басшы болып келгеніме көп уақыт бола қойған жоқ. Барлық тәжірибемді салып, жұмысты бастап кеттік. Ұжымның сапалық құрамы жоғары. Бөбекжайды жақсы көрсеткіштерге жеткізуге мүмкіндіктеріміз бар. Ата- аналармен де байланысымыз жақсы. Алдағы жылға жасап отырған жоспарларымыз да жетерлік, – дейді бөбекжай меңгерушісі Айша Сабырқызы.
Есет ДОСАЛЫ
Жуалы ауданы