Тәуелсіздік - тәу етер құндылық
Тәуелсіздік - тәу етер құндылық
Өңір басшысы Ербол Шырақпайұлы аймақтың белсенді ардагерлерімен бірге аталған монументке гүл шоқтарын қойып, азаттық жолында құрбан болған азаматтардың рухына тағзым етті. Мұнан соң қоғамдық және саяси ұйымдардың өкілдері, Тараз қаласының әкімдігі, бірқатар жоғары және арнаулы оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары, қала тұрғындары да гүл қойды. Мұндай рәсім облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков ескерткішінде де өтті. Тәуелсіздік күні барша жамбылдықтардың көңілдері толғанысқа толып, ерекше әсерге бөленді. Себебі, бұл – айрықша күн. Тәуелсіздік мерекесі – қазыналы қарттарымыздан бастап, бесіктегі сәбиімізге дейін мән беретін тағылымды оқиға. Елдігіміз баянды, атқан әрбір таңымыз бейбіт әрі тыныш болғай!
Есет ДОСАЛЫ