«Ұлы даланың» алғашқы мектебі ашылды
«Ұлы даланың» алғашқы мектебі ашылды
Бүгінде аудан тұрғындарының саны 25 мыңнан асады. Оның 2314-і мектеп жасындағы оқушылар. №64 білім ордасы – мұндағы алғашқы мемлекеттік мектеп. Мектеп құрылысына облыстық бюджеттен 3,1 миллиард теңге бөлінген. Мұнда лингафон кабинеттері, зертхана, 350 адамға арналған кең акт залы, оқу залы бар кітапхана мен 400 орындық асхана, шеберхана бар. Сондай-ақ, интерактивті тақталармен қамтамасыз етілген 56 сынып орналасқан. Мектепте 58 мұғалім сабақ береді. Аталған ауданда жаңа білім ошағының ашылуы жергілікті тұрғындар үшін көптен күткен жаңалық болды. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен өткен кездесулерде тұрғындар білім ошағын салу кезек күттірмейтін мәселе екенін айтып, ұсыныс-пікірлерін жеткізген болатын. Нәтижесінде тұрғындардың талап-тілегін ескерген өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, жаңа білім ордасы ел игілігіне берілді. Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында ауданда тағы 3 мектептің құрылысы жүруде. Келесі жылы пайдалануға берілетін бұл білім ошақтарында 4400 оқушы білім алатын болады.
Гүлжан РАХМАН