Абзал жандар аурудан айықтырды
Абзал жандар аурудан айықтырды
Жетпіске жақындаған жанның денсаулығы сыр беретінін бастан кешіп жүрмін. Басқасын былай қойғанда, адамның «моторы» саналатын жүрек тұсым шаншып, маза бермеген соң, білетін кісілердің ақыл-кеңесімен Тараздағы дәрігер Анархан Әзімхановтың емдеу клиникалық мекемесінің табалдырығын аттағаным бар. Жарты ғасырға жуық көне кентте тұрғандықтан, белгілі кардиологтың аты-жөні мен абырой-атағына қанық-тұғынмын. Емхана басшысы Анакең мені мұқият тыңдап, қарамағындағы дәрігерлерге диагноз қойып, тиісті ем-дом қолдануды жүктеді. Өзі күн сайын емделушілерді аралағанда «ер азаматтың жүнжігені жарамас, көңіліңді көтеріңкі ұстауға тырыс, әлі-ақ аттай шауып кетесің» деп үмітімді үкілеп отырды. Сонымен «Жақсы сөз – жарым ырыс» дегендей әрі емдеуші дәрігерім Ли Елена Альбертовна сынды ақ желеңді абзал жанның қолы жеңіл болып, сондай-ақ, кезекші кардиолог Алтынбек Әбдіжәлілұлы, аға медбике Меруерт Қапалбаева, оның әріптестері Динара Сияқұлова, Наргиза Чиналиева, Қарлығаш Айтуғанованың біліктілігі һәм мейірбандығы арқасында оңалып кеткен жайым бар. Сөз реті келгендіктен, күндіз-түні қасымнан табылып, қамқор көңілмен өз міндеттерін адал орындаған санитар қарындастарым – Айнұр Оңғарбаева мен Гүлмира Арқабаеваға да айтар қариялық алғысым мол.
Әшірбек БАЙБАШОВ, ардагер-химик.