Облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдады
Облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға Тараз қаласынан және Байзақ, Жамбыл, Сарысу ауданынан жазылған азаматтар бірқатар мәселелерді көтеріп, өтініштерін жеткізді. Атап айтқанда, әлеуметтік көмек көрсету, жер мәселесі, қайтарымсыз грант, суармалы су сынды мәселелерді көтерді. Сондай-ақ, табиғи техногендік апаттан зардап шеккен Жамбыл ауданының шаруалары суармалы су мәселесін көтерді. Облыс әкімі азаматтардың өтінішіне жіті көңіл бөліп, барлық мәселелер тиісті заңнамалар аясында қарастырылатынын атап өтті. Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі