Жамбыл облысының құтқарушылары өткен тәулікте 550-ден астам адамды құтқарды
Жамбыл облысының құтқарушылары өткен тәулікте 550-ден астам адамды құтқарды
Жамбыл облысында 2023 жылдың 13-14 желтоқсанында құтқарылған адамдар саны 557 адамды құрады. «101» және «112» телефондары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Жалпы шұғыл қызметтердің нөмірлеріне өрт және құтқару туралы өтініштер ғана емес, мысалы облыс ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының диспетчеріне азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметіне қатысы жоқ азаматтардың да барлық сұрақтарына жауап беруіне тура келеді. 14 желтоқсанда сағат 09.55-те Жамбыл облысы ТЖ департаментіне ауа райының бұзылуына байланысты жолда қалып қойған адамдарға жедел желі телефоны ашылды. Халық назарына ұсынылған ескертулерге қарамастан, облыстың өрт сөндіруші-құтқарушылары азаматтарды қар құрсауынан құтқарып, жылыту пункттеріне тәулік бойы эвакуациялап, машиналарды жылытуға көмек қолын созып, азық-түлік жеткізумен де айналысуда. Құрметті азаматтар! Қауіпсіздік шараларын сақтауларыңызды сұраймын. Ең басты және сенімді ережелердің бірі – нашар көріну және көктайғақ кезінде мүмкіндігінше сапардан бас тарту. Егер сапарды кейінге қалдыру мүмкіндігі болмаса, нашар көріну жағдайында қауіпсіз жүріп-тұрудың негізгі кепілі жылдамдық режимін айтарлықтай төмендету екендігінін есте ұстаған.