Жюль Верннің бұрын жарық көрмеген романы баспагерлерді байлыққа кенелтті
Жюль Верннің бұрын жарық көрмеген романы баспагерлерді байлыққа кенелтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда Жюль Верннің «Су астындағы 20 мың лье» романы алғаш рет жарияланды, деп жазады ТАСС.
Кітапты басып шығарған «Сен Пер» баспасы жазушы кітабы арқылы оқырмандардың жүрегіне жол тапты. Жаңа жыл қарсаңында шыққан 1 мың дана 500 беттік кітап қымбаттығына (190 еуро) қарамастан, дүкендерде лезде сатылып кеткен.
Атақты жазушы бұл шығармасын әуелі қарындашпен жазып, кейіннен мәтінді қаламсаппен түзеткен. Жазушының қолтаңбасы анық болғандықтан, ежіктеусіз оқылады.
Жазушының өзі көзі тірісінде бұл туындысына ерекше мән берген. Досы Пьер-Жюль Этзелге жазған хатында: «Егер осы романым сәтті шықпаса, жаным тыныш таппас. Мұндай ғажап сюжет менде көптен бері болмаған», - деген. Қолтаңба романның бірінші бөлімінің екінші нұсқасы. Оның түпнұсқасы Францияның Ұлттық кітапханасында сақталған.
ақпарат көзі kazinform.kz