2014 жылғы әлемдегі босқындар саны 20 жыл бұрынғы рекордты жаңартты
2014 жылғы әлемдегі босқындар саны 20 жыл бұрынғы рекордты жаңартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасы жариялаған жаңа баяндамада 2014 жылдың бірінші жартысындағы жағдай бойынша әлемдегі босқындардың саны 13 миллионға жеткен.
Бұл көрсеткіш 1996 жылғы рекордты жаңартты.
Құжат авторы 2014 жылғы маусымда сириялық босқындар саны 3 миллионға өскенін хабарлады. Сирия бұл көрсеткіш бойынша 30 жылда алғаш рет Ауғанстанды басып озды.
Баяндамада келтірілген деректер өткен жылдың бірінші жартысындағы жағдай бойынша әлемдегі жалпы босқындардың саны 2013 жылдың аяғымен салыстырғанда, 5,5 миллион адамға өскенін көрсетеді. Босқындардың көбеюіне Орта Шығыс пен Солтүстік Африкадағы қарулы қақтығыс себеп болғаны айтылады.
ақпарат көзі kazinforma.kz