Ербол Қарашөкеев газ құбырының қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
Ербол Қарашөкеев газ құбырының қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
Ербол Қарашөкеев газ құбырының қалпына келтіру жұмыстарын тексерді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жамбыл ауданы Гродекова ауылына барып, газ құбырының қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Айта кетейік, ағымдағы жылы 12 желтоқсанда сағат 21.00-лер шамасында Жамбыл ауданы Қызылқайнар, Гродеково, Полатқосшы ауылдық округтеріне баратын магистралды 325-тік газқұбыры істен шыққан болатын. Соның салдарынан бес елді мекендегі 980 үй газдан ажыратылған. Жағдайға байланысты облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы штаб құрылып, жедел қалпына келтіру шаралары қолға алынған. Оқиға орнында жүрген облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек кеше түнде басталған қалпына келтіру шаралары аяқталып, қайта газ беру жұмыстары жүріп жатқандығын жеткізді. Ауылдағы 8 әлеуметтік нысан баламалы отын - жанар-жағармаймен жылытылуда. Облыс әкімі жауаптыларға барлық жұмыстар сапалы орындалып, жағдай қатаң бақылауда ұстау керектігін, тұрғындар арасында жан-жақты түсіндіру шараларын ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ, аймақ басшысы ауылдағы мектеп, балабақша, дәрігерлік амбулаторияға ат басын бұрып, нысандардың жылыту жүйелерінің қызметін тексерді. Бірқатар тұрғын үйлерге кіріп, тұрғындардың жағдайымен танысты.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі