Жаңалықтар

Жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұлды төлемесе не болады?

Жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұлды төлемесе не болады?

Егер сізге жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салынса, сіз айыппұлдың жалпы көлемінің жартысын төлей аласыз. Жалпы соманың 50% мөлшерінде әкімшілік айыппұлды төлеу құқығын ол тіркелген күннен бастап 7 күн ішінде пайдалануға болады. 8-ші күні айыппұл, егер ол өтелмеген болса, автоматты түрде толық мөлшерде қойылады. Айыппұлды ерікті түрде төлеуге 30 күн беріледі. Олай болмаған жағдайда қаулы немесе ұйғарым мәжбүрлеп орындату үшін сот орындаушысына жолдануы мүмкін. Сонда айыппұлдан бөлек, сот орындаушысының шығындарын да төлеуге тура келеді.  Жүргізушілер айыппұлды төлемесе, көліктері айыптұрағына қамалады. Егер құқықбұзушы жалақы, зейнетақы, шәкіртақы алатын болса, айыппұл сомасы оның табысынан мәжбүрлі түрде ұсталады.  Желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынатынын еске саламыз. Ең төменгі айыппұл мөлшері 5 айлық есептік көрсеткішке тең, яғни 17 250 теңге. Егер осы жағдай бір жыл ішінде қайталанса, екі есе айыппұл төлейді.