Тарихи зерттеулер жоғары бағаланды
Тарихи зерттеулер жоғары бағаланды
Астанада іссапарда болған облыстық комиссия төрағасының орынбасары Сара Мәдиева мен комиссия мүшесі Сағындық Зейнуллаұлы Орталық офиске картаны таныстырды. Бұл жұмыс жоғары бағаланып, карта өзге өңірлердің ішінде тұңғыш жасалып отырғаны айтылды. Жүйелі жұмыс басқа облыстарға насихатталады. Бұл жұмыстарды жүргізуде топ мүшелері, тарихшы, өлкетанушы Қ.Дәурембеков, тарих ғылымдарының магистрі, археолог С.Қалиұлы, гуманитарлық ғылымдарының магистрі А.Қартабева, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, өлкетанушы Е.Әбдиев, тарихшы Б.Устаев, тарих ғылымдарының магистрі С.Нағашбекова тындырымды жұмыс атқарды. Келер ұрпаққа керек деректер мен ақпар жинауда, туған өлкеміздің зұлматты жылдарындағы тарихын зерделеу жұмыстары 2024 жылы да жалғасады.
«Aq jol»-Aqparat.