Экономика

Шаруасы шалқыған Шу

Шаруасы шалқыған Шу

Шу – аграрлы саласы дамыған аудан. Ауданда жалпы егістік жер көлемі 139 мың 451 гектарды құрайды. Биыл 134 мың 135 гектарға дақылдар себіліп, 5 320 гектар алқап парға қойылған. Аудан бойынша 90 гектар алма бағы бар. Жекелеп тоқталатын болсақ, Қорағаты ауылдық округіндегі «Зәм-зәм» шаруа қожалығы 40 гектарға алма егіп, табысқа кенеліп отыр. Төле би ауылының бағбандары 16,5, Жаңақоғам ауылдық округіндегі бағбандар 9, далақайнарлықтар 11 гектарға алма егіп, жоғары нәтижеге қол жеткізіп отырған жағдайы бар.

Ауданда мал азығын дайындау жұмыстары да нәтижелі жүргізілуде. Қазіргі таңда 255 мың тонна пішен, 7 мың тонна пішендеме, 54 мың тонна сабан әзірленген. 2023 жылы барлығы 11307 гектарға су үнемдеу технологиясы енгізілді. Оның ішінде 9046 гектар тамшылатып суару, 2261 гектар жаңбырлатып суару әдісі бар. Былтырғы жылмен салыстырғанда 1217 гектарға ұлғайды. Күздік бидай мен арпа себу жұмыстары жоғары қарқынмен жүзеге асты. Зиянкестікке қарсы химиялық өңдеу жұмыстарына да барлық ауылдық округ мамандары мен диқандары сергек қарап отыр. Ауданда малдың және құстың барлық түрлерінен өсім байқалады. Атап айтқанда, биыл мүйізді ірі қара 140, жылқы 165, қой мен ешкі 56 мың, түйе 20 басқа өскен. Құстардың саны 500-ге басқа көбейген. Мал шаруашылығы бойынша бүгінгі күнге 33 мың 772,5 тонна сүт сауылып отыр. Шу ауданының аумағында барлығы 102 су жүйелерінің нысандары бар. Ауданның ауыл шаруашылығы егістіктерін суаруға пайдаланатын негізгі су көздері Шу, Ақсу, Сарғау, Қайыңды және Қорағаты өзендерінің су ресурстары. Атап айтқанда, Шу өзенінің бойында орналасқан «Тасөткел» су қоймасы Шу және Мойынқұм аудандарының суармалы егістіктерін суармалау кезеңінде жер беті суымен қамтамасыз ететін негізгі су көзі болып есептелген. Сонымен қатар, соңғы жылдарда аталған су қоймасы су энергетикасына да пайдаланылып келеді. Тасөткел су қоймасында 1 935 миллион қайта жаңарту жұмыстар жүргізілуде. Оң жағалаудағы магистральды канал бойындағы 9 каналдың жөндеу жұмыстарын 2023 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Қазіргі уақытта, Огородный-1, Огородный-2, Ленин-1, Красная весна-1, Красная весна-2 және Поселковый каналдарын қайта жөндеуден өткізуге қаражат тапшылығы бар. – Ауданда ауыл шаруашылығы саласында ілгерілеу бар. Егіс алқабына су жеткізу қазір қай өңірде де өзекті. Жақында ауданымызға келген Су ресурстары және ирригация вице- министрі Нұрлан Алдамжаровқа да жағдайды түсіндірдік. «Тасөткел» су қоймасының жөнделіп, іске қосылар уақыты да жақын. Бұйырса, алдағы жылы алқаптарды суландыру мәселесінде бірқатар сәтті жобалар болады деп ойлаймын, – дейді Шу ауданы әкімінің орынбасары Бақыт Бетбаев.