АҚШ киносыншылары 2014 жылдың үздік фильмін атады
АҚШ киносыншылары 2014 жылдың үздік фильмін атады
АҚШ киносыншыларының ұлттық қоғамы франк-швейцариялық режиссер Жан-Люк Годардың «Прощай, речь» атты драмасын өткен жылдың үздік картинасы ретінде таныды.
84 жастағы режиссердің фильмі 3D форматында орындалып, күйеуге шыққан әйел, жалғызбасты ер адам және ит туралы баяндайды. Ал Тимоти Сполл 2014 жылдың үздік актері атағына ие болды. Ол режиссер Майкл Лидің «Уильям Тернер» атты өмірбаяндық фильмінде басты рөлді сомдаған. Үздік актриса болып Бельгия режиссерлері Жан-Пьер және Люк Дардендердің «Два дня, одна ночь» атты кинотуындысына түскен франциялық Марион Котийяр аталды. Сонымен қатар «Отрочество» фильмін түсірген Ричард Линклейтер үздік режиссер атағына ие болды. Үздік сценарий үшін награданы Уэс Андерсон иеленді.