Көрсеткіштер де, кемшіліктер де назарға алынады
Көрсеткіштер де, кемшіліктер де назарға алынады
Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштердің ағымдағы жылғы қаңтар-қараша айларының және жыл қорытындысымен орындалуының күтілу мәндері талқыланды. Басқосуда экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
Сондай-ақ, жиында қала және аудандар бөлінісінде көрсеткіштер мен кемшіліктер де назарға алынды. Бұдан бөлек, облыстың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары мен белгіленген индикаторлардың 2023 жылғы жоспарлы мәндерінің орындалмау қаупі туралы да айтылды. Облыс әкімі тиісті басқарма басшылары және аудан әкімдерінен жеке-жеке жауаптар алып, нақты міндеттер жүктеді. Аймақ басшысы жауаптыларға жыл қорытындысымен барлық жоспарлы көрсеткішердің орындалуын қамтамасыз ету, кемшіліктерді реттеу керектігін баса айтып, жұмысы сылбыр басшылар үшін қабылданатын шешімнің қатаң болатынын ескертті. Сонымен қатар, кеңес барысында құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшыларының да есебі тыңдалды.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі