Басты жаңалық

Ресей ғарыш аппараттарын ұшырудан рекорд жасады

Ресей ғарыш аппараттарын ұшырудан рекорд жасады

2014 жылы Ресей ғарыш аппараттарын ұшыру жөнінен рекорд жасады. «Роскосмос»-тың мәліметінше, 2014 жылы барлығы 80 ғарыш аппараты ұшырылған. Оның 31-і мемлекет қажеттілігі үшін, бесеуі коммерциялық мақсатта іске асырылды және 44-і - шағын ғарыш аппараты. Өткен жылы Ресей ғарыш ұшырылымдарының саны жөнінен бірінші орынды ешкімге бермеді. КСРО дәуірінен бері тұңғыш рет 38 зымыран ұшырылды. Сонымен бірге 2014 жылы Ресейдің кәсіпорындары шетелдік тапсырыс берушілер үшін 3 ғарыш аппаратын жасап, іске қосқан. Олардың бірі 19 маусымда «Днепр» бағдарламасы бойынша 17 елдің 34 спутнигін орбитаға шығарған, бұл да рекорд болып отыр.