«Асар» жобасы аясында 49 көпбалалы және аз қамтылған отбасылар тұрғын үймен қамтылды
«Асар» жобасы аясында 49 көпбалалы және аз қамтылған отбасылар тұрғын үймен қамтылды
Жыл басынан бері 558 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 74 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның 35 тұрғын үйін жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. «Биыл бюджет қаражаты есебінен 10 үй және жеке инвестициялар есебінен 11 үй тапсырылды. Жыл соңына дейін 882 млн теңгеге жаңа тұрғын алаптарының 869 учаскесіне инженерлік инфрақұрылым тартылатын болады. Халықтың әлеуметтік осал топтары мен көпбалалы отбасылар үшін 7,6 млрд теңгеге 797 пәтер сатып алуды жоспарлап отырмыз. Бүгінге 123 пәтер сатып алынды. «Асар» бастамашылық жобасы аясында 49 көпбалалы және аз қамтылған отбасылар тұрғын үймен қамтылды», - деді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.