Басты жаңалық

Кәсіпкерлікті қолдау экономиканың тұрақты дамуының маңызды факторы болып табылады

The final spritzer

Кәсіпкерлікті қолдау экономиканың тұрақты дамуының маңызды факторы болып табылады

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында Жамбыл облысында 24,5 млрд теңгеге 2,1 мың жоба қолдау тапты.  Өңір әкімі Ербол Қарашөкеевтің мәліметінше, сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тетігі бойынша 13,8 млрд теңгеге 537 жоба, кредиттер бойынша кепілдік беру тетігі бойынша 7,1 млрд теңгеге 500 жоба қаржыландырылса, инфрақұрылымды жүргізу бойынша 2,2 млрд теңгеге 8 жобаға қолдау көрсетілді. 1048 кәсіпкерге 1,4 млрд теңгеге грант берілді. Бұл жұмыс одан әрі жалғасын табады.  «Шағын және орта бизнес саны 25,5%-ға артты. Онда жұмыспен қамтылғандар саны 23,6%-ға ұлғайды», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.