2025 жылға дейін көлемі 46,2 млн текше метрді құрайтын 13 су қоймасының құрылысы жоспарлануда
2025 жылға дейін көлемі 46,2 млн текше метрді құрайтын 13 су қоймасының құрылысы жоспарлануда
Су ресурстарының қолжетімділігі мен сапасының мәселесі өзекті болып қалуда. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдің трансшекаралық су пайдалануға тәуелділігін төмендету мақсатында су жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. «Көлемі 650 млн текше метрді құрайтын жұмыс істеп тұрған 2 су қоймасында қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, көлемі 166 млн текше метрді құрайтын тағы екі су қоймасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. 2025 жылға дейін көлемі 46,2 млн текше метрді құрайтын 13 су қоймасының құрылысы жоспарлануда, оның үшеуі ірі - «Ақмола», «Ырғайты» және «Қалғұтты», 10-ы шағын. Биыл көлемі 1,4 млн текше метрді құрайтын 3 су қоймасының құрылысы жүргізілуде», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. Сонымен қатар гидрологиялық бекетке күрделі жөндеу жүргізілуде. 2027 жылға халықаралық институттар қаражаты есебінен 361 су нысанын қайта жаңарту жоспарланып отыр.