Жамбыл облысы агроөнеркәсіп өнімі көлемі бойынша республика өңірлері арасында 6 позицияда – өңір әкімі
Жамбыл облысы агроөнеркәсіп өнімі көлемі бойынша республика өңірлері арасында 6 позицияда – өңір әкімі
Биыл агроөнеркәсіп саласында 159 жұмыс орны ашылатын 8,6 млрд теңгеге 7 инвестициялық жоба қолға алынды, оның төртеуі 4,4 млрд теңгеге іске асырылды. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. «Жобаларды іске асыру көкөніс сақтау қоймаларының қуатын 41 мың тоннаға, сүт өңдеу кәсіпорындарының қуатын 7 мың тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ет өндірісі 7,5 мың тоннаға артады. Облыс экономикасындағы ауыл шаруашылығының үлесі шамамен 7%. Жамбыл облысы агроөнеркәсіп өнімі көлемі бойынша республика өңірлері арасында 6 позицияда. Жыл қорытындысымен ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі ағымдағы 499 млрд теңгеден 535 млрд теңгеге дейін жетеді деп күтілуде», - деді облыс әкімі. Агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту мақсатында ет және сүт өндіруді, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді ұлғайту жоспарлануда.