Биыл 20 жоба іске асырылып, 575 жұмыс орны құрылмақ – Жамбыл облысының әкімі
Биыл 20 жоба іске асырылып, 575 жұмыс орны құрылмақ – Жамбыл облысының әкімі
Жамбыл облысында инвестиция тарту жұмыстары жалғасуда. Жыл соңына дейін инвестиция көлемін 572 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы өңір әкімі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінге облыстың инвестициялық портфелі 2,3 трлн теңгеге 69 жобаны қамтиды. Бұл жобаларды 2026 жылға дейін іске асыру жоспарлануда, бұл қосымша 5,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. «Биыл 575 жұмыс орнын құруды көздеп отырған 87 млрд теңгеге 20 жоба іске асырылуда. Жаңартылатын энергия көздері бойынша жобаларды табысты іске асыру облыстың бұл бағыттағы көшбасшылық қабілетін ұстап тұруға мүмкіндік беруде. Облыста жалпы қуаты 451,3 МВт болатын 21 нысан жұмыс істейді», - деді облыс басшысы.