Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика байқалуда – Е.Қарашөкеев
Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика байқалуда – Е.Қарашөкеев
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен таныстырып өтті. Жалпы өңірлік өнім 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 1,3 трлн теңгені құрап, 6,1%-ға артты. Бұл - республика бойынша 8-орын. «Экономика салалары бойынша, байланыс көлемі 2022 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 8,1%-ға, құрылыс жұмыстары - 11,1%-ға, сауда - 2,6%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру - 2,2%-ға, өнеркәсіп өндірісі - 0,6%-ға, көлік - 0,1%-ға артты», - деді спикер. Өңдеу өнеркәсібі секторында облыстың мықты өнеркәсіптік негізін жедел дамыту және қалыптастыру басты міндет болып қалуда. Өңір экономикасындағы өнеркәсіптің үлесі 22%. Есепті кезеңде өнеркәсіп өнімінің көлемі 695 млрд теңгеге дейін жеткізілді, онда өңдеу секторының үлесі 71%, өнім көлемі - 494 млрд теңге. Тау-кен өндіру саласының көлемі 17,1%-ға ұлғайды. Өңдеу өнеркәсібі саласына 88 млрд теңге инвестиция тартылып, экспорт көлемі – 121млн АҚШ долларын құрады.