МЭЛСТІҢ музасы
МЭЛСТІҢ музасы
Кешті Мэлс Өзбековтің өнердегі інісі, композитор Дүйсенәлі Бықыбаев жүргізіп, әуелі 2020 жылы жарық көрген «Мэлстің музасы» кітабының тұсаукесері жасалды. Кітаптың тұсауын Маралбек Бабақұлов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, ақын Шырын Мамасерікова мен «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының директоры Қасымхан Төлендиев кесті. Кеш барысында көпшілік жүректі жылытар естеліктер айтып, облыстық филармонияның әншілері Оңал Азаматова Мэлс Өзбековтің әндерін орындады. Сондай-ақ, әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Досымжан Таңатаров пен Мәдениет қайраткері, әнші Гүлнұр Өмірбаева бейнеқұттықтау жолдады. Іс-шара соңында Мэлс Өзбековтің жерлестері Еркінбек Солтыбаевтың, Т.Рысқұлов ауданында әкім болып тұрғанында композитордың есімін ел есінде ұзақ сақталуына көп көмек көрсеткен Қасымхан Төлендиевтің иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.
Ерман ӘБДИЕВ
журналист