Денсаулық

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!

Қазақ халқының ұмытылып бара жатқан қолөнерін жаңғырту, ата-бабалардан қалған асыл мұраны кейінгі ұрпаққа аманат ету, ұмытылып бара жатқан көне дүниені күнделікті қолданысқа енгізу мақсатында «Ұлы дала өрнектерін түскиізде бейнелеу өнері» атты фестиваль ұйымдастырылады. Қатысушылардың өтінімдері 2023 жылдың 10 желтоқсанына дейін (Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, №28) қабылданады және taraz_zhastar@mail.ru, anar.19.78@mail.ru электронды мекенжайына жіберуге болады. Байланыс телефондары: 8 (7262) 54-21-90, 8 707 992 08 08 (Ұлжан Каленова). «Ұлы дала өрнектерін түскиізде бейнелеу өнері» атты фестивальдің ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже
Ұйымдастырушы:

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Фестивальдің мақсаты: Қазақ халқының ұмытылып бара жатқан қолөнерін жаңғырту, ата-бабалардан қалған асыл мұраны кейінгі ұрпаққа аманат ету, ұмытылып бара жатқан көне дүниені күнделікті қолданысқа енгізу, тұрмыста қолдана білуге тарту, дәстүрлі түскиіз жасау өнері мен технологиясын халық арасында насихаттау.

  1. Фестивальдің талаптары мен шарттары
  2. Фестивальға тек Тараз қаласының тұрғындары қатыса алады.
  3. Түскиіз түрлі түсті жіппен өрнектеліп, кестеленген бір түсті матамен (барқыт, шұға, т.б.) көмкеріледі. Ортасына үйлесімді мата (жібек, мақпал, т.б.) салып киізбен астарлайды. Ақ киізге қызыл, сары, көк түсті ою жапсыруға, қызыл былғарыны күміспен әшекейлеп жасауға болады. Түскиіздің кестесі көбіне біртұтас бірнеше өрнектің (мүйіз, гүл, жапырақ, шырмауық, түйе табан, алқа) үйлескен желісін жасау арқылы түрлі түсті жіппен тігіледі. Түскиіздің көлемі 2х1,30 м кем болмауы керек. Түскиізді қазіргі заманға сай, ата-бабалардан қалған үлгіні жоғалтпай, қиялға ерік беріп жасап шығу керек.

3.Қатысушылар түскиіз жасау техникасының мән-мағынасын түсіндіре отырып бейнеролигін әзірлеп (ұзақтығы 1,5-3 минут аралығында), оны өздерінің жеке әлеуметтік желідегі парақшаларына (instagram, facеbook) орналастырып, қала әкімдігінің парақшасын (instagram «taraz.akimdigi», facеbook «Тараз қаласының әкімдігі», instagram «taraz_jastary», facеbook «Жастар ресурстық орталығы») (#«Ұлы дала өрнектерін түскиізде бейнелеу өнері» хештегтеуі арқылы) белгілеуі қажет. 4.Фестиваль жеңімпаздарын арнайы құрылған комиссия бағалайтын болады.

  1. Қатысушылар дайын бейнероликті 2023 жылдың 10 желтоқсанына дейін Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, №28 мекенжайында орналасқан Жастар ресурстық орталығының №2 кабинетінде қабылданады және taraz_zhastar@mail.ru, anar.19.78@ mail.ru электронды мекенжайына жіберуге болады. Байланыс телефондары: 8 (7262) 54-21-90, 8 707 992 08 08 (Ұлжан Каленова).
  2. Қатысушылар 2023 жылдың 13 желтоқсан күні сағат 10.00- 13.00 аралығында жұмыстарын «Туризм және қолөнершілер» орталығындағы «Шебер Шаңырақ» қоғамдық бірлестігіне (Тараз қаласы, Төле би даңғылы, №18/1, 1-қабат) жеткізулері қажет.
Өтетін күні мен жері:

2023 жылдың 14 желтоқсан күні, сағат 11.00-де «Туризм және қолөнершілер» орталығы (Төле би даңғылы, №18/1)

  1. Қатысушылар әзірлеген өнімдерін ұйымдастыру комитетіне (Жастар ресурстық орталығы) тапсырады.
  2. Марапаттау

Жеңімпаздар дипломдар мен қаржылай сыйақымен марапатталады.