Жаңалықтар

Қағаз өндірісін өркендеткен

Қағаз өндірісін өркендеткен

Тараз қаласында шағын және орта кәсіпкерлік саласы жақсы дамып келеді. Биліктің қолдауына ие болған жеке кәсіпкердің бірі – тараздық Нағима Нұрсейітова. Кәсіпкердің «Нұрсейітова Нағима Аманхожақызы» жеке кәсіпкерлігі 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол бұған дейін көтерме саудамен, дәнекерлеу жұмыстарымен және жүк тасымалымен айналысқан болатын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан және Адал азамат» атты Жолдауында шағын және орта кәсіпкерлік саланы дамытуға басымдық бергені белгілі. Президентіміз «Қазір ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан, өңдеу саласын жедел дамытуға басымдық беруіміз қажет», – деген болатын. Өзім де кәсібімді осы бағытта құрып, қағаз өндірісін қолға алған едім. Сол үшін «Даму» қорына жүгініп, ойға алған ісімді дамытуға мүмкіндік алдым, – дейді Нағима. Ол 2021 жылы өз қаражатына қағаз майлықтар шығаратын құрал-жабдықты сатып алып жұмысын қайта бастаған. Ал, былтыр оған қосымша дәретхана қағазын шығаратын құрал-жабдықты да сатып алып іске қосуды жоспарлайды. Сөйтіп ол бұл ниетін жүзеге асыруға қаржы керек болғанда «Даму» қорының облыстық филиалына барып, ақпарат алып, «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамына несие алу үшін жүгінеді. Бір ата п өтерлігі, банконың несиесін «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі ұлттық жобаның бағдарламасы бойынша құрал-жабдық сатып алу және айналым қаражатын толықтыру үшін мақұлдайды. – Кәсіпкерге кәсібін бастау үшін немесе кеңейту үшін банктің қолдауы өте қажет. Ол қолдауға көп жағдайда кәсіпкерлер кепілдікке қоятын заты болмағандықтан ие бола алмай жатады. Осы кезде «Даму» қорының қолдауы үлкен көмек болады екен. Мен сол арқылы өз жобамды жүзеге асырдым, – дейді кәсіпкер. Нағиманың алған несие мөлшерлемесі жылдық 6 пайызды құрады. Сондай-ақ, кәсіпкер «Даму» қорының кепілдігіне қол жеткізді. Нағима Аманхожақызы бүгінде 10 адамды жұмыспен қамтып отыр. Бір ауысымда ол цехта 100 блокқа дейін майлық, дәретхана қағазы шығарылуда.  

Марат ҚҰЛИБАЕВ Тараз қаласы