Кәсіпкерлердің қатары көбейіп келеді
Кәсіпкерлердің қатары көбейіп келеді
Ағымдағы жылы облыста орналасқан қаржы институттарымен несие сомасы 146,8 миллиард теңгені құрайтын барлығы 41,6 мың кәсіпкерге несие берілді. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында 23,2 миллиард теңгені құрайтын 1049 жобаға қолдау көрсетілді. Биылғы бірінші жартыжылдықта облысқа 52,1 миллион АҚШ доллары тартылды. Жыл соңына дейін 130 миллион АҚШ долларына дейін тікелей шетелдік инвестициялар тарту көзделуде. Жалпы, биылғы қаңтар-қазан айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 364,7 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде жеке инвестиция 305,2 миллиард теңге болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 130,1 пайызға артты, – дейді басқарма басшысы Аспандияр Мұраталыұлы. Оның айтуынша, облыстың сыртқы сауда айналымы қаңтар-қыркүйек аралығында 596,8 миллион АҚШ долларын құрап, 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 пайызға артқан. Оның ішінде экспорт 30,6 пайызға төмендеп, импорт 23,4 пайызға артқан. Жеке кәсіпкерлікті қаржылай қолдау бағытында «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамы, «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы, «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы жұмыс істеуде.
Қамар ҚАРАСАЕВА