Тараздағы түзеу мекемесінен шетел азаматтары босатылды
Тараздағы түзеу мекемесінен шетел азаматтары босатылды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінен жаза мерзімінің аяқталуына байланысты Пәкістан және Өзбекстан мемлекеттерінің азаматтары босатылды. Айта кетейік, Пәкістан мемлекетінің 3 азаматы Қордай аудандық сотының үкімімен кінәлі деп танылса, Өзбекстан елінің азаматына Меркі аудандық соты шешім шығарған. Сотты болған шетел азаматтарының барлығы дерлік еліміздің Қылмыстық Кодексінің 392 бабы 1 бөліміне сәйкес, 6 айға бас бостандықтарынан айырылған.
Еркіндікке жолдама алған жазасын өтеушілерге өңірлік полиция департаментіне бағынысты көші-қон қызметінің өкілдеріне табыс етілді.