Тегін заңгерлік көмекке жүгінетіндер көп

Тегін заңгерлік көмекке жүгінетіндер көп
– Бұдан былай, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен зейнеткерлер тегін заңгерлік кеңес ала алады. Айта кетейік, бұл күнде тегін заңгерлік көмек беретін қызметкерлердің де саны артып келеді. Жалпы, қазіргі таңда жаңа мемлекеттік қызметтерді енгізу және цифрландыру, атқарушылық өндіріс, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, сондай-ақ, құқықтық насихат жұмыстары, заңнаманы дамытудағы негізгі мәселелер мен оны жетілдіру жайы басты назарда, – деді Азамат Есқараев. Кездесу соңында Әділет министрі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізіп, бірқатар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Есен ӨТЕУЛІ