Қазақстан-Қытай комиссиясы экологиялық мәселелерді талқылады
Қазақстан-Қытай комиссиясы экологиялық мәселелерді талқылады
Отырыс барысында Тараптар комиссияның тоғызыншы отырысынан кейінгі кезеңдегі жұмыстарға шолу жасап, қорытындылады. 2022-2023 жылдардағы жұмыстардың орындалуын растады және одан әрі ынтымақтастықты талқылады. Тараптар Трансшекаралық өзендер суларының сапасын мониторингілеу жұмыс тобының, Талдау және бағалау, төтенше жағдайларға жедел ден қою және трансшекаралық өзендердің ластануының алдын алу жөніндегі жұмыс тобының қызметі туралы баяндамаларды тыңдады. Тараптар аталған топтардың өткен кезеңдегі жұмыс нәтижелерін қанағаттанарлық деп бағалады. Атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша Тараптар комиссияның 2024-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарын келісіп, бекітті. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комиссиясының оныншы отырысының хаттамасына қол қойды.
Қамар ҚАРАСАЕВА