Жамбыл облысында 9 млн. бюджеттік қаражатты заңсыз жұмсағаны үшін бухгалтер сотталды
Жамбыл облысында 9 млн. бюджеттік қаражатты заңсыз жұмсағаны үшін бухгалтер сотталды
Шу ауданында бухгалтер Балалар мен жасөспірімдер өлкетану және туризм орталығының қызметкерлеріне 3 жыл бойы қаражатты аванс түрінде заңсыз аударған. Бухгалтердің қылмыстық әрекетін Шу ауданының прокурорлары анықтап, 2023 жылғы 1 тамызда ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркеді (ірі мөлшердегі кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу). Тергеу Жамбыл облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды. Мемлекетке келтірілген залал 9,9 млн теңгеден асты, ол тергеу барысында өтелді. 2023 жылғы 9 қарашада Шу аудандық сотының үкімімен Орталықтың бухгалтері 5 жылдық мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салумен 4 жылға бас бостандығынан айырылды (шартты түрде). Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі