Құрылыс материалдарының өндірісі артады
Құрылыс материалдарының өндірісі артады
«Alina Group» ЖШС құрылыс материалдарын өндіру зауыты Қазақстан Республикасын индустриялық - инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде құрылған. Жобаның жалпы құны – 17,6 миллион АҚШ долларын құрайды. Өндіріс орны 357 адамды жұмыспен қамтуда. Компания өндірістік алаңды кеңейтіп, құрғақ және құрылыс қоспаларын шығаратын зауыт салу жобасын іске асыруға ниетті. Кездесу барысында тараптар облыс аумағында компания қызметін кеңейту жоспарларын, оның ішінде өнім желісін ұлғайту, сондай-ақ, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселелерін талқылады. Аймақ басшысы жергілікті билік инвесторларды қолдауға дайын екендігін атап өтіп, ұсынылған жобаның маңыздылығы мен тиімділігін жан-жақты зерделеу бойынша жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.