Жаңалықтар

Мектеп оқушыларымен кездесті

Мектеп оқушыларымен кездесті

Тәртіп сақшысы – қоғамдық қауіпсіздікті қадағалаушы әрі қамтамасыз етуші. Сымдай тартылған сымбатты тұлғасына көрікті формасы мен көркем пагоны жарасып, жан-жағына батылдылығымен, әділділігімен, қайраттылығымен қашанда үлгі. Оның үстіне, бұл күнде полиция қатарына мамандар қабылдау, оларды тәрбиелеу мен дайындау жүйесі мемлекетіміздің ішкі істер органдарының нығаюының іргетасы.

Жуырда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесі кадр саясаты тобының аға инспекторы, әділет капитаны Әмина Масатбай Тараз қалалық білім бөліміне қарасты №54 мектептің 11-сынып оқушыларымен кездесіп, болашақ ізбасарларына ҚАЖ саласы жөнінде кеңінен ақпарат берді. Ол өз сөзінде полицей болу үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсуге болатынын түсіндіріп өтті. Кездесу соңында Отанға адал қызмет етуге ниетті жасөспірімдер тәртіп сақшысы болуға ұмтылатындарын жеткізді.