Жаңалықтар

Облыстық мәслихат депутаттарының назарына

Облыстық мәслихат депутаттарының назарына

Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, тоғызыншы сессиясы 2023 жылдың 28 қараша күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 15.00-де келесі күн тәртібімен өтеді:

  1. Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындау туралы;
  2. «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №23-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. «Жамбыл облысы әкімдігінің жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы

14 желтоқсандағы №23-21 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің жанындағы облыстық терроризмге қарсы комиссиясының құрамы туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі №17-10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. «Жамбыл облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрамы туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 2-15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. «Облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2005 жылғы 11 ақпандағы №7-16 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. «Жамбыл облысы бойынша әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесін бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі №40-12 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  5. «Жамбыл облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 40-13 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  6. Жамбыл облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағасын сайлау туралы.

Депутаттарды тіркеу 2023 жылдың 28 қараша күні сағат 14.30-да басталады.

* * *

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) 2023 жылдың 28 қарашада сағат 12.00-де өтеді. Ескерту: Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, тоғызыншы сессиясын тікелей эфирде «Жамбыл облыстық мәслихаты» YOUTUBE платформасы арқылы көре аласыздар.  

Облыстық мәслихаттың төрағасы А.Нұралиев