Шекарашылар көмектен шет қалмайды
Шекарашылар көмектен шет қалмайды
Еліміздің шекарасын қалтқысыз күзетіп жүрген азаматтарымыздың басым бөлігі өзге қалалардан келген. Басқосу барысында жеке құрам тарапынан өтініштер мен талап-тілектер тыңдалды. Атап айтсақ, шекарашыларда балаларын жақын маңдағы балабақша мен мектептерге орналасуы жағынан қиындықтар туындап отырғаны жайлы және жұмыс пен үйге қатынауда автобус бағыттарының қысқартылуы да қиындық тудырып отырғаны сөз болды. Оған қоса, аталған мекеме қаладан шеткері орналасқандықтан, қыста жол қардан тазаланбай, мұзға айналып, жол-көлік оқиғалары жиі орын алатыны туралы айтылды. Тараз қаласы мәслихатының 4-сайлау округінің депутаты Әсел Әбілханқызы жиында айтылған мәселелер бойынша қала әкіміне депутаттық сауал жолданатынын жеткізді.
Алтынбек МАНАРБЕКҰЛЫ,
Жамбыл ауданы бойынша Шекара басқармасы тәрбие идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімінің аға офицері, майор.